Мен, Курбанова Лескүл Ергешқызы, Сарыағаш ауданындағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Педагог-шебер. «Ұстаз-ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет керек» деген ұстаныммен мұғалімдік қызмет атқарып жүргеніме 26 жыл. Осы еңбек өтілімде пән мұғалімі ғана емес, мектеп психологы, 14 жыл тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының міндетін уақытша 1 жыл көлемінде атқардым.
Oқушыларға заман талабына сай сапалы білім берумен бірге, шәкірт бойындағы интеллектуалды және академиялық дарындылықты анықтау, оларды ғылыми-ізденушілік және шығармашылық жұмыстарға баулу, атқарылған жұмыстың оң нәтижесін көру – мен секілді кез келген педагогтің басты мақсаты болса керек. Дарынды бала – ел ертеңі Дарынды бала – ел тірегі
Мен қызмет атқаратын білім ордасы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп болғаннан кейін, оқушылар 7-ші сыныптан қабылданады. Міне осы кезден бастап өзіме дарынды шәкірттерді іздей бастаймын. Пәнге деген қызығушылығы мен қабілетіне қарай іріктелген дарынды шәкірттерден олимпиадалық резерв тобы құрылады. Олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауы, мамандандырылған конкурстарға дарынды оқушыларды дайындау үшін Ізденістен нәтижеге дейінгі қадамдарымды жүйелей бастаймын.
Read more: Мен туралы https://leskulbilim.kz