Мен туралы

Мен, Курбанова Лескүл Ергешқызы, Сарыағаш ауданындағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Педагог-шебер. «Ұстаз-ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет керек» деген ұстаныммен мұғалімдік қызмет атқарып жүргеніме 26 жыл. Осы еңбек өтілімде пән мұғалімі ғана емес, мектеп психологы, 14 жыл тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының міндетін уақытша 1 жыл көлемінде атқардым.

Oқушыларға заман талабына сай сапалы білім берумен бірге, шәкірт бойындағы интеллектуалды және академиялық дарындылықты анықтау, оларды ғылыми-ізденушілік және шығармашылық жұмыстарға баулу, атқарылған жұмыстың оң нәтижесін көру – мен секілді кез келген педагогтің басты мақсаты болса керек. Дарынды бала – ел ертеңі Дарынды бала – ел тірегі
Мен қызмет атқаратын білім ордасы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп болғаннан кейін, оқушылар 7-ші сыныптан қабылданады. Міне осы кезден бастап өзіме дарынды шәкірттерді іздей бастаймын. Пәнге деген қызығушылығы мен қабілетіне қарай іріктелген дарынды шәкірттерден олимпиадалық резерв тобы құрылады. Олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауы, мамандандырылған конкурстарға дарынды оқушыларды дайындау үшін Ізденістен нәтижеге дейінгі қадамдарымды жүйелей бастаймын.

Жетістіктері
1. 26 мамыр, 1981

2. 26 жыл

3. Педагог-зерттеуші

4. Соңғы 3 жылдық оқушыларының жетістіктері (республикалық, халықаралық)

1)   Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні. ІІІ орын, 2022ж.

2)   «ЮНИОР»  жасөспірімдер олимпиадасы. 1-орын. 2023ж.

3)   Республикалық «Ілияс оқулары» байқауы.  Бас жүлде, 2024ж

4)   Республикалық «Абайтану» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы. 3-орын, 2025ж.

5)   Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы.  1-орын, 2025ж.

6)   «Хабар» телеарнасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалды жобасы. 2-орын. 2025ж.

5. Соңғы 3 жылдағы педагогтің жетістіктері:

1)   «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі ҚР оқу-ағарту министрлігі. Министр Ғ.Бейсембаев, №2024-2/00002371

2)   «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы,  ІІІ дәрежелі диплом.

№UZAB- D-III-2023-019. Астана қ.

3)   Қазақ тілі пәнінен «Педстарт» республикалық олимпиадасы. ІІІ дәрежелі диплом № PS-K-D-III-2024-83 badf.

4)   «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары жаңашыл әдіс-тәсілдері» республикалық оқу-әдістемелік семинарының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаныңыз үшін» ҚР «Дарын» РҒПО директоры Ғ.Тұрсыновтың Алғыс хаты, №2023-AІh-S-011

5)   «VII «Абайтану» олимпиадасы аясында «Абайдың танымдық, мәдени мұрасы: бүгін мен болашақ игілігі» тақырыбында өткізілген семинарда тәжірибе таратқаны үшін», ҚР «Дарын» РҒПО директоры Ғ.Тұрсыновтың Алғыс хаты,  ABTN- AHS-2025-008

6)   «2021-2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада жүлдегер атанған Орынхожа Мадинаны дайындағаны үшін» ҚР мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Г.Кәрімованың Алғыс хаты, №ROQK-2022-Ahj-883

7)   «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, ерекше белсенділік танытқаны үшін» «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Өте Д. Е Алғыс хаты, С-ЖБ- V-2024/001