Өзім туралы

Мен, Курбанова Лескүл Ергешқызы, Сарыағаш ауданындағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Педагог-шебер. «Ұстаз-ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет керек» деген ұстаныммен мұғалімдік қызмет атқарып жүргеніме 26 жыл. Осы еңбек өтілімде пән мұғалімі ғана емес, мектеп психологы, 14 жыл тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының…

Читать далее

«Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерге дейін тәрбиелейді» Неміс жазушысы Лион Фейхтвангер

«Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерге дейін тәрбиелейді» Неміс жазушысы Лион Фейхтвангер   Адамзат жүріп өткен соқпақпен керіге көз тастасақ, миллиардтарды біріктіретін, миллиондарды басқаратын бір ғана құрал бар екеніне көзіміз жетеді. Ол – кітап! Себебі діннің өзі қасиетті кітаптардың арқасында біртұтастығын бұзбай отыр. Әл-Фарабидің асыл мұрасын бүгінге жеткізген де – кітап. Бүтін бір ұлт кітаптың…

Читать далее

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ Мектеп – өркениетке бастайтын сара жолдың бастауы. Дәл осы құтты мекеннен жаһанның талай жұмбағын шешкен ғалымдар, өмірді мүлде жаңа арнаға бұрған өнертапқыштар, адамзаттың желкесіндегі құлдықтың қамытын шешіп, азат ойлы қоғам құрған қайраткерлер, талантымен талайды тәнті еткен тұлғалар түлеп ұшқан. Айта берсек, шет-шегі жоқ. Содан болар қара сөздің қасиетін ұғып, қастерлей білген…

Читать далее

ШЫҒЫСТАН СҮЙІНШІ ХАБАР!!!

ШЫҒЫСТАН СҮЙІНШІ ХАБАР!!! 2025 жылдың 21-24 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадаға облысымыздың атынан қатысқан Нұрлыбек Шұғыла (“Сарыағаш ауданының N4 мамандандырылған мектеп- интернатының” 9 сынып оқушысы) ҚР Оқу-ағарту министрінің грамотасына ие болды. Жетекшісі педагог-шебер Құрбанова Лескүл Ергешқызы. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!.

Читать далее

“АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ — 180 ЖЫЛ” мерейтойы қарсаңындағы шәкіртіміздің тамаша тартуы

“АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ — 180 ЖЫЛ” мерейтойы қарсаңындағы шәкіртіміздің тамаша тартуы 2025 жылдың 23—24 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізу, ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыру мақсатында Қазақстан…

Читать далее

«ДАРЫН ЖҰЛДЫЗЫ» – ЕЛ ЕРТЕҢІН ЖАРҚЫРАТА АЛАТЫН ЖАС БУЫННЫҢ МЕРЕКЕСІ

«ДАРЫН ЖҰЛДЫЗЫ» – ЕЛ ЕРТЕҢІН ЖАРҚЫРАТА АЛАТЫН ЖАС БУЫННЫҢ МЕРЕКЕСІ Түркістан облысының білім басқармасының «Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында» жыл сайын дәстүрге айналған «Дарын жұлдызы» марапаттау кеші биыл ерекше сән-салтанатпен, жоғары дайындықпен өткізілді. Бұл кеш – бір жағынан оқу жылының қорытындысы іспетті болса, екінші жағынан жас буынның жыл бойғы табандылығын, шығармашылығын, ізденісін ұлықтайтын рухани…

Читать далее