САРЫАҒАШ «ДАРЫН» МЕКТЕБІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ: ОБЛЫСТЫҚ БӘЙГЕДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛҒАН МӘШҺҮРТАНУШЫЛАР

САРЫАҒАШ «ДАРЫН» МЕКТЕБІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ: ОБЛЫСТЫҚ БӘЙГЕДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛҒАН МӘШҺҮРТАНУШЫЛАР

2026 жылдың 10 сәуір күні Түркістан облысы, тарихи әрі рухани орталық саналатын Түркістан қаласында Республикалық «Мәшһүр оқулары» конкурсының облыстық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл білім додасы – жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, ұлы ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын терең танып-білуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.

Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен келген аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды. Қатысушылар Мәшһүр Жүсіптің мұраларын зерттеу, мәнерлеп оқу, ғылыми талдау және шығармашылық бағыттар бойынша бақ сынасты.

Осы дүбірлі додада Сарыағаш «Дарын» мектебінің намысын қорғаған жас мәшһүртанушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Олар өздерінің білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын және рухани құндылықтарға деген құрметін айқын дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды:

Сүйін Арайлым Файзуллақызы – 10-сынып оқушысы, жетекшісі Құрбанова Лескүл Ергешқызы;
Абдуллаева Жанар – 9-сынып оқушысы, жетекшісі Тасболат Әбдіманап Икрамұлы.

Бұл жетістіктер – оқушылардың тынымсыз еңбегінің, ұстаздарының кәсіби шеберлігінің және ата-аналардың қолдауының нәтижесі. Жас дарындарымыздың осындай биіктерден көрінуі – мектеп мерейін асқақтатып, келешек ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Мәшһүр мұрасын терең меңгеріп, рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген жас зерттеушілерімізді, олардың ата-аналарын және білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымын шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз! ✨

Один комментарий к “САРЫАҒАШ «ДАРЫН» МЕКТЕБІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ: ОБЛЫСТЫҚ БӘЙГЕДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛҒАН МӘШҺҮРТАНУШЫЛАР”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *